23.07.2021, 11:40

«Зорладың» деп айып тағамын: атыраулық бойжеткен 18 жастағы жігіттен 2 млн теңге бопсалаған (ВИДЕО)

Екеуі тіпті бір қызметте әріптес болған.

Атырауда 21 жастағы қыз “зорладың” деп айып тағамын деп шымкенттік жігіттен екі миллион теңге ақша бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға бірнеше рет қайталанған. Алғашында оның екі миллион теңгесін алып, кейін одан 1 540 000 теңге сомасында тағы да ақша талап еткен. 18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұраған.

Айтуынша, қыз оны “Зорлау” фактісі бойынша үстіңнен іс қозғатамын деп қорқытқан. Алайда жігіт жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болды деп ақталған. Екеуі тіпті бір қызметте әріптес болған. Ол қыз жақсы танысым, тіпті тұрғылықты мекені Шымкент қаласына алып барып, ата-анаммен таныстырдым дейді.

тырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде қыз деструктивті діни ағым өкілі екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта 21 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ ақша бопсалаған қыздың бопсалау қылмысы бойынша басқа да фактілерге қатыстылығы тексерілуде.