Токио Олимпиадасында боксшылар додасының шымылдығы түрілді. Қазақстан командасы сапынан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
57 келіде жұдырықтасқан Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті. Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп – 5:0.