$ 443.35  475.54  4.82

Токио-2020: Елдос Сметов қоржынға алғашқы медальді салды

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз жартылай финалда жапон Наохису Такатаға жеңіліп қалған болатын.
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов қола медаль үшін болған белдесуде нидерландық Торнике Тсакодеаны жеңді. Осылайша ол Қазақстан қоржынына Токио Олимпиадасындағы алғашқы медальды салды.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз жартылай финалда жапон Наохису Такатаға жеңіліп қалған болатын. Оның алдында алдымен түрік палуанын, ширек финалда кореялық дзюдошыдан басым түскен.

Еске салайық, бүгін жарыс жолына қазақстандық Отгонцэцэг Галбадрах та шыққан болатын. Ол бірінші белдесуін қытайлық спортшыға жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары