$ 498.34  519.72  4.85

Токио-2020: 25 шілдеде кімдер жарысқа шығады?

12 спорт түрі бойынша бақ сынасады
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

25 шілдеде Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында 12 спорт түрі бойынша бақ сынасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең жарыс жолына дзюдошы Ерлан Серікжанов, ауыратлет Игорь Сон, боксшы Зәкір Сафиуллин шығады.

25 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Стенд ату. Скит. Әйелдер. Іріктеу
6:00. Зоя Кравченко, Әсем Орынбай

Дзюдо. Ерлер, 66 келіге дейінгі салмақ
8:00. Ерлан Серікжанов – Орхан Сафаров (Әзербайжан)

Теннис. Бірінші айналым
8:00. Юлия Путинцева – Надя Подороска
10:00. Михаил Кукушкин - Федерико Кория
12:00. Ярослава Шведова – Айла Томлянович

Академиялық есу. Ширек финал. Ерлер. Жекелей сын.
9:00. Владислав Яковлев

Семсерлесу. Ерлер. Жекелей сын. 1/16 финал
9:45. Руслан Құрбанов – Марко Фичера (Италия)

Оқ ату. 10 метр, пневматикалық винтовка. Ерлер. Іріктеу
10:00. Юрий Юрков

Есу слаломы. Бірінші мүмкіндік. 
10:00. Александр Куликов. Ерлер, каноэ
10:50. Екатерина Смирнова. Әйелдер, байдарка
12:08. Александр Куликов. Ерлер, каноэ
12:58. Екатерина Смирнова. Әйелдер, байдарка

Үстел теннисі. Екінші айналым
12:30. Кирилл Герасименко – Любомир Янкарик (Чехия)

Ауыр атлетика. Ерлер, 61 келіге дейін.
12:50. Игорь Сон

Жүзу. 100 метр, арқамен жүзу. Әйелдер.
16:04. Диана Назарова

Бокс. Бірінші кезең. 63 кг
16:24. Зәкір Сафиуллин - Леодан Пезо Сабойя (Перу)

Су добы. Ерлер. Топтық кезең
16:50. Қазақстан - Хорватия

Еске салайық, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына 23 шілдеде басталған болатын. 24 шілдеде Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түскен - дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген болатын. Олимпиада 8 шілдеге дейін жалғасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары