25.07.2021, 04:02

«Cпутник V» вакцинасы қатерлі ісікке шалдыққан пациенттерге де салынуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзі
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі "Cпутник V" бойынша әдістемелік ұсынымдарды жаңартты, оған қатерлі ісігі бар науқастар да енген.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі қатерлі ісікке қарсы емді аяқтаған онкопациенттердің барлығына "Cпутник V" вакцинасын салуға кеңес берді.

Бұл туралы вакцинаның Telegram-дағы аккаунты Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған әдістемелік ұсынымдарына сілтеме жасап хабарлады.

"COVID-19 профилактикасына арналған Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вакцинасы бастапқы кезеңі мен ауру түріне қарамастан, қатерлі ісікке қарсы емді аяқтаған барлық онкологиясы бар пациенттерге еш қосымша шектеусіз ұсынылады", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі сенбі, 24 шілдеде таратқан құжатта.