28.07.2014, 08:00

Қарағандыда қылмыскер түрмеден қашты

Сурет: kasparov.ru

Қарағандыда бес жылға сотталған азамат түрмеден қашып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты АК-159/1 мекемесінде 27 шілдеде шаруашылық ауласындағы жұмыстан кейін «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену немесе ірі залал келтіру» ҚК 185-бабының 3-бөлігі бойынша жалпы режімдегі түзеу мекемесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылған азаматтың қашып кеткендігі анықталды», делінген хабарламада.

Қарағанды облысының ІІД мәлімдегендей, аталмыш факті бойынша «Жазасын өтеуші немесе алдын ала қамаудағы адам жасаған бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру амалдары жүргізілуде.