$ 443.85  474.3  4.8

Семейде университет өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан.

ЖОО ғимаратынан шыққан қызыл жалынды 50-ден астам өрт сөндірушісі тоқтата алмай жатыр. Отқа оранған университет 1987 жылы салынған, үш қабатты.

Қазірге дейін ғимараттың кемі 150 ш. м. бөлігі жанып кеткен.

«Оқиға орнына 50-ден астам өрт сөндіруші жедел келіп жетті. Өртті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс істеуде. Өрт сөндіру құралдарын үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Өртті толық сөндіргеннен кейін болған оқиғаның себебін ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасының мамандары анықтайтын болады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған», - деп хабарладыШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары