Қазақстандық Дмитрий Баландин Токио Олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жартылай финалда Баландин қашықтықты 2:09.22 уақытында жүріп өтті. Бұл финалға шығуға жеткіліксіз болды.
Баландин іріктеу сынында 2:08,99 көрсеткішімен 7-інші орын алып, жартылай финалға шыққан еді.
25 жастағы Дмитрий Баландин - Алматы қаласының тумасы. 2016 жылы Рио Олимпиадасының 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында алтын медаль иеленген. Одан бөлек, 2014 жылы Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанған.
Еске салайық, бұған дейін Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде бірінші кезеңнен өте алмаған еді.