$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда алдағы үш күнде қатты жаңбыр күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай күтіледі.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 29-31 шілдеге ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктер ауа температурасы біртіндеп жоғарылайтынын айтты. Алайда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түседі деп болжануда. 

“Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай күтіледі. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжануда: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градус, солтүстік пен шығыста 23-33 градус, орталықта 25-37 градусқа дейін жылы болады”, – дейді синоптиктер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары