ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ЭК. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында министр еліміздің барлық өңірінде індет жұқтырғандар саны артқанын айтты. Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда көрсеткіш 1,9 есеге өскен.
Солтүстік Қазақстан облысында — 3,5, Қызылорда облысында — 3, Ақтөбе облысында — 2,9, Түркістан облысында және Шымкент қаласында — 2,5 есеге өсіп отыр,— деді Алексей Цой.
Республика бойынша 2 аптаның ішінде қайтыс болғандар 1,8 есеге көбейген. Ақтөбе облысында — 8,5, Шымкент қаласында және Атырау облысында — 2,8 есеге артқан. Ауруханаларда инфекциялық және реанимациялық төсек-орындар тапшылығы сезіледі.
"Егер өткен жылы 3 348 адам сырқаттанған болса, ағымдағы жылдың шілде айында ол 2 еседен асқан. Бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы болуы мүмкін. Тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстары бар", — деді А.Цой.
Осыған байланысты министр КВИ диагнозын қою үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің, мобильді бригадалардың, ПТР-зертханалардың, КТ және рентген диагностикасының үздіксіз жұмысын, сондай-ақ КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрілік препараттармен уақытылы амбулаториялық қамтамасыз ету шараларын нығайтуды атап өтті.
А.Цой қолданылып отырған карантиндік шараларға қарамастан, бірқатар өңірлерде карантинді өрескел бұзу фактілері анықталғанына назар аударды. Осыған байланысты ол жергілікті атқарушы органдарға мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсыруды сұрады.
Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында қосымша шаралар қабылдауды ұсынды.
Оның ішінде, орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды, "Ashyq" -қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды ұсынды. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу керектігін айтты.
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтауды, "Ashyq"-қа қатысатын жобалар үшін қызметті 20-00 сағатқа дейін, "Ашық" көшбасшылары үшін қызметті 22-00 сағатқа дейін шектеу ұсынылды. Бұл ретте, құқық бұзушыларға қойылатын талаптарды күшейту: чекин кезінде 0 — ден 20-ға дейін 1 айға алдын ала ескертусіз, құқық бұзушылыққа қайта жол берген кезде — 2 айға жобадан шығару керек деді.