Желіде Токио Олимпиадасы кезіндегі видео қызу талқыға түсті. Видеода жаттықтырушының татамиге асыққан неміс спортшысын қатты сілкіп жатқаны көрсетілген, - деп хабарлайды LADbible.
Видео 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдошылардың біліктілік турнирі кезінде түсірілген. Видеодағы жаттықтырушы - Германия құрамасының бапкері Клаудиу Пуса.
Желіде тараған видеода жаттықтырушы дзюдошы Мартин Трайдостың бетінен ұрып, артынша спортшы дем алып, жарысқа шыққаны көрсетілген.
Трайдос Олимпиаданың 1/16 финалында жеңіліп, турнирден шықты. Желідегі пікірлерге жауап ретінде спортшы Instagram-да мұндай әрекет әр жекпе-жектің қарсаңында болып тұратынын жазған.
"Мен есімді жию үшін Клаудиудан осылай істеуін өзім сұраймын. Айтып өткенімдей бұл жарыс алдындағы рәсім!", - деді спортшы.