28.07.2021, 15:40

Токио-2020: Теннисші Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Фото: olympic.kz
Енді жартылай финалда Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің экс-бірінші ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басым түсті. Ал екі сетте 6:1 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат, 34 минутқа созылды. 

Енді жартылай финалда Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.