$ 446.49  475.38  4.79

«Шыңғыс Мұқан - миллиондап той тойлауға жол берген арсыз» - Айгүл Орынбек

“Әкімдер миллиондап шашып МұзАрттың концертін көріп тойлап жүргенде, неге біз 50 адамға той жасамасқа”, деп талай адам айтты да! Халыққа “абай болыңдар”, “сақ болайық”, деп ақыл айту үшін өздерің үлгі болуларың керек еді!
Фото: коллаж SN.kz
Фото: коллаж SN.kz

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның коронавирусқа байланысты пікірін қатаң сынға алды.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"570 миллионға Наурызды тойлап алып, біреудің той жасағанына жағасын ұстап отырғаны нес?

Халық биліктен не көреді, соны істейді!

Наурыз айында еліміздің астанасы Нұрсұлтан мен Алматы қызыл аймақта болды.
Қызыл аймақтан әншілерді шақырып он күн бойы Наурыз тойын тойлап, қонақ үйлерді 100 пайыз толтырып бүкіл әлемге креативный қала екендеріңді көрсетіп мақтанған жоқсыңдар ма Шыңғыс Мұқан?

Енді неге халықты сөгіп, жағаңды ұстап көсемсіп отырсың?
Әрине халық тойлайды, үлгі алар әкім қаралар миллиондап ақша шашып Наурыз тойын бір тойлап, қала күнін екі тойлап ләйліп жүргенін көріп отырған мына халық үндемей отырады деп ойладыңдар ма?

“Әкімдер миллиондап шашып МұзАрттың концертін көріп тойлап жүргенде, неге біз 50 адамға той жасамасқа”, деп талай адам айтты да!

Халыққа “абай болыңдар”, “сақ болайық”, деп ақыл айту үшін өздерің үлгі болуларың керек еді!

Миллиондық қала әкімнің бірінші орынбасары Наурыз, қала күнін тойлайтын кезде сіздің арыңыз қайда болды?

Президенттің сөзін елемей, жұт кезінде, халықтың әл ауқаты қиын кезде, миллиондап той тойлауға жол берген сен АРСЫЗСЫҢ!", - деп жазды Айгүл Орынбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары