$ 449.3  489.69  4.89

«Маған «сені халық сайлаған жоқ» деді – Нұржан Әлтаев Мәжілістегі қысымдар жайлы (ВИДЕО)

Нұржан Әлтаев 2020 жылы «партияның беделіне нұқсан келтірді» деген себеппен «Nur Otan» құрамынан шығарылған болатын.

Бұрынғы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ел тірегі» тіркелмеген партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев депутат кезінде көптеген мәселелерді мінберден көтере алмай, сөздері қиылып қала бергенін айтады. Бұл жайында ол Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында жария етті.

«Егер депутат халықтың алдында абыройы көтерілетіндей сауал көтергісі келсе, қойдырмауға тырысады. Мысалы жұт болып жатса, «Жұт болып жатқан жоқ, біз әкімдермен сөйлестік, халықты дүрліктірме» дейді. Не болмаса «сұрағыңды өзгертіп береміз, солай қой» деп айтады. Одан кейін өз сауалыңды өзің танымай қаласың. Ал мен оған келіспей, пернені басып, қалай бар солай айта бастадым. Содан мені шақырып алып, «Сені халық сайлаған жоқ, біз «Nur Otan» партиясының фракциясын депутат етіп қойдық. Сондықтан олай сөйлейсің болсаң, шық» дейді. Осы сөзді екі рет естідім», - дейді Нұржан Әлтаев. «Сондықтан Парламенттің өзі сұлба сияқты. Көшеде тұрған полицей көлігінің алдамшы силуэтіне теңеуге болады»,- деп теңеу айтты экс-депутат.

Еске салсақ, Нұржан Әлтаев 2020 жылы «партияның беделіне нұқсан келтірді» деген себеппен «Nur Otan» құрамынан шығарылған болатын. Сонымен бірге депутаттық мандатынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары