$ 443.85  474.3  4.8

Қазақ радиосы муралда бейнеленді

Муралда кескінделген бейнелер Мәңгілік Ел идеясы мазмұнымен астасқан. Қазақ радиосының шежіресімен ұштасқан.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ радиосының құрметіне арнап көпқабатты үйдің қабырғасына мурал кескінделген, деп хабарлайды ЭК.

Қала әкімдігі радионың ғасырлық мерейтойына осылайша құрмет көрсеткен. Муралда кескінделген бейнелер Мәңгілік Ел идеясы мазмұнымен астасқан. Қазақ радиосының шежіресімен ұштасқан. Сондықтан, муралға көз салғандар осының бәрін айтқызбай түсінеді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл ел астанасында "Қазақ радиосы көшесі" пайда болған. БАҚ қызметкерлері мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын. 100 жыл бұрын дәл осы мерзімде Алашорда көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен алғаш рет Қазақ радиосының хабары тараған еді.

"Қазақ радиолары" ЖШС бас редакторы — "Қазақ радиосы" арнасының директоры Болат Әбиболлаев осы жайындағы ойын ортаға салады.

"Мурал жақсы жерде тұр. Сауран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында орналасқан. Мұнда адам легі арылмайды. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне айтар алғысымыз зор. Енді бұл маң радио сүйер қауым мен қала тұрғындары үшін қастерлі орынға айналады", — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#радио #елорда