Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоны жаңа Toyota Camry көліктерімен марапаттайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Спортшыларға автокөліктің кілтін Федерация президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында табыстайтын болады.
Сонымен қатар, спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы ақшалай сыйақыға ие болады, деп хабарлады ФТА баспасөз қызметі.
Токиодағы Олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанса, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алған болатын.
Бұған дейін, спортшылар Қазақстанға оралып, оларды Алматы әуежайында салтанатты түрде қарсы алғанын жазған болатынбыз.
Бұған дейін Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов көлік мінген еді.