31.07.2021, 10:51

Садақ атудан Ильфат Абдуллин Токио олимпиадасын аяқтады

Нәтижесінде жарыс 6:5 есебімен аяқталып, Ильфат Абдуллин келесі айналымға өте алмады.

Бүгін Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер арасында жекелей сынның 1/8 финалы өтті. 

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Еліміздің намысын қорғаған Ильфат Абдуллин аталған бәсекеде қарсыласына жол берді. 

Ильфат Абдуллин жарыстың 1/8 финалында қытайлық Ли Джуа Лунмен бәсекеге түсті. Тартысты кездесу негізгі сетте тең 5:5 есебімен аяқталды. Кездесу жеңімпазын анықтау мақсатында берілген соңғы мүмкіндікте қытайлық қарсыласы 10, отандасымыз Ильфат 8 ұпайды көздеді. 

Нәтижесінде жарыс 6:5 есебімен аяқталып, Ильфат Абдуллин келесі айналымға өте алмады.