02.08.2021, 06:23

Қырғызстанда жоғалып кеткен қазақстандық турист қыздың денесі табылды

Фото: ашық дереккөз
Оқиға орнына 6 құтқарушы және полиция қызметкерлері барып, денені судан алып шыққан және оның жоғалып кеткендіктен іздеуде болған 1992 жылғы Қазақстан азаматы екенін анықтаған.

Қырғызстандағы Алакөл жайлауындағы Қаракөл өзенінен бүгін, 15 шілде күні, жоғалып кеткен қазақстандық турист қыздың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына 6 құтқарушы және полиция қызметкерлері барып, денені судан алып шыққан және оның жоғалып кеткендіктен іздеуде болған 1992 жылғы Қазақстан азаматы екенін анықтаған.

Еске сала кетейік, 15 шілде күні Қазақстан және Ресейден барған 5 турист Ақ-Суу ауданындағы Алакөл жайлауында демалып жатқан, бәрі бір отбасының мүшелері болған. Ата-аналары РФ азаматы, ал олардың қызы ҚР азаматы болған. Сол күні 29 жастағы Қазақстан азаматы із-түзсіз жоғалып кеткен. Әкесінің айтуынша ол Қаракөл өзенінің маңында топтан бөлініп қалып, содан кейін жоғалып кеткен.