Жаңалықтар 02.08.2021 сағат 10:20

Өте қауіпті қылмыскерлер жатқан «Қара бүркіт» колониясының жанында өрт шықты

Өрт сөндірушілер колонияның жеке құрамын батыл және жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді.
Өте қауіпті қылмыскерлер жатқан «Қара бүркіт» колониясының жанында өрт шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қостанай облысында "Қара бүркіт" колониясының жанында қатты ыстық ауа райына байланысты құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ведомствоның хабарлауынша, өртті қызметкерлер байқап, бірден сөндіруге кіріскен. Төрт сағаттың ішінде өрт толық оқшауланып, колонияның жеке құрамы өрт сөндіру автокөлігіндегі су қорын тез толтырып отыруға көмектесті.

"Ашық жалын азық-түлік қоймасына қарай өтіп кетпес үшін мекеме басшылығы ТЖД қызметкерлеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Кезекші ауысымдағы барлық күшті жұмылдырдық", – деді УК161-3 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Асхат Баламбаев.

Өрт сөндірушілер колонияның жеке құрамын батыл және жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді.

"Қара бүркіт" – (ресми атауы – УК-161/3 мекемесі) Қазақстанның Қостанай облысындағы төтенше қауіпсіздік мекемесі, Жетіқара қаласынан 25 шықырым жерде орналасқан. Онда аса ауыр қылмыскерлер, атап айтқанда өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар