Токио Олимпиадасының бірінші аптасында қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты? Vesti.kz порталы Олимпиадада жүлделі орын алған спортшыларың табысын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандық спортшылар сыйақы алу үшін Олимпиадада үздік алтылыққа ілінуі керек (ең төменгісі). 2 тамыз бойынша спортшылардың жалпы табысы 265 мың доллар болып тұр. Бұл әлі де көбеюі мүмкін.
Токио Олимпиадасына белгіленген мемлекеттік сыйақының алдын ала тізімі:
Алтын - 250 мың доллар. Күміс - 150 мың доллар. Қола (75 мың доллар) - Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло (екеуі де ауыр атлетика). Төртінші орын (30 мың доллар) - Елена Рыбакина (теннис). Бесінші орын (10 мың доллар) - Милад Карими (спорттық гимнастика). Алтыншы орын - 5 мың доллар. Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Токио ойындарының бірінші жартысында тек үш қола медаль жеңіп алды.