3 тамызда қазақстандықтар Олимпиаданың бес спорт түрінен жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ертең қазақстандық төртінші балуан Нұрсұлтан Тұрсынов бақ сынасады. Сондай-ақ, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Ал Милад Карими биылғы Олимпиададағы үшінші финалында өнер көрсетеді.
3 тамыздағы сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):
Грек-рим күресі. Ерлер, 87 келі. 1/8 финал 09:05. Нұрсұлтан Тұрсынов - Денис Кудла
Спорттық құзға өрмелеу. Ерлер. Көпсайыс - Speed. Іріктеу 14:00. Ришат Хайбуллин
Бокс. Ерлер. 1/4 финал 14:48. 52 келі. Сәкен Бибосынов - Габриэль Эскобар 15:35. 63 келі. Зәкір Сафиуллин - Гарри Гарсайд
Спорттық құзға өрмелеу. Ерлер. Көпсайыс - Bouldering. Іріктеу 15:00. Ришат Хайбуллин
Спорттық гимнастика. Ерлер - керме. Финал 15:39. Милад Карими
Әртістік жүзу, дуэт. Техникалық бағдарлама 16:30. Екатерина мен Александра Немичтер
Спорттық құзға өрмелеу. Ерлер. Көпсайыс - Lead. Іріктеу 18:10. Ришат Хайбуллин.