$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда су тапшылығынан мал қырылып жатыр (ФОТО, ВИДЕО)

Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілхасимов Нарын каналын жөндеу республикалық деңгейде шешілетін мәселе екенін жеткізді.

Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылында малдар су тапшылығынан қырылып жатыр. Малшылардың жанайқайын билікке жеткізу үшін ауданның 40-тан астам тұрғыны наразылыққа шықты деп хабарлайды Paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Жанбай ауылындағы негізгі су көзі - 60 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген Нарын каналы. Оны қамыс басып, топырақпен бітелген арналардағы шалшық су балшыққа айналған. Салдарынан төрт түліктер батпаққа батып кетіп жатқанын жеткізді елді мекен тұрғындары. 

Биыл 17 бас жылқымнан айырылдым. Бұл мен үшін үлкен шығын, – дейді Құрманғали Мұхтаров. 

Тығырықтан шыға алмаған кейбір тұрғындар адал еңбекпен жиған малынан айырыла бастаған соң, амалсыз сатып жіберген.

Нарын каналын күрделі жөндеуден өткізбесе, Аққыстау, Жанбай, Зинеден ауылдарындағы мал шаруашылығы күйрейді, – дейді Аухат Абуов есімді тұрғын. 


Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілхасимов Нарын каналын жөндеу республикалық деңгейде шешілетін мәселе екенін жеткізді.


Төңіректегі елді мекендердегі төрт түлік мал Каспий теңізі жағалауынан және Жайықтан бастау алатын Нарын, Боқсақ каналдарынан су ішеді. Нарын каналы 61 жылдан жөндеу көрмеген, ол "КазСушар" РМК-ның Атырау филиалы теңгерімінде. Сондықтан сол мекеме жөндеуден өткізуге тиіс. Негізі жоба бойынша және қаражат жағынан бұл республикалық деңгейде шешілетін мәселе, – дейді ол. 


"Манаш" котлованындағы онсыз да аз судың көп мөлшерін "Атырау-Астрахан" тас жолын күрделі жөндеуден өткізіп жүрген жолшылар пайдаланып, малға су жеткіліксіз болып қалады екен. Бұл да жағдайды одан сайын ушықтырып отырғанын айтады тұрғындар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары