Жаңалықтар 02.08.2021 сағат 23:01

Нұржан Әлтаев өзін алаңдататын мәселелер туралы айтып, көзіне жас алды (ВИДЕО )

"Біз қазір қазақтың нағыз азаматтары осыны біз ел бола алатынымызды, Тәуелсіздігімізді сақтай алатынымызды, өзіміз мықты бола алатынымызды дәлелдеуіміз керек" - деді Нұржан Әлтаев.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресми тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының төрағасы, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев Ресей Президенті Путиннің негізгі мақсаты қандай екенін баяндады.

Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.

- Мен оны ішімнен білемін. Өйткені, тек қана сыртынан емес, өзім де биліктің ішінде болдым. Үкіметтің ішінде болдым. Аналитиканың бәрін білемін, сол үшін бұл мәселелерді өзгертуіміз керек, әйтпесе халық боп, мемлекет болып Қазақстанды сақтай алмаймыз. Қазірдің өзінде біз көріп отырмыз. Ресей Қазақстанды қосқысы келеді өзіне. Путиннің ең басты мақсаты бұрынғы совет одағын қайтару. Қазақстанды және ТМД елдеріне кіретін мемлекеттерді Ресейге қосу. Сондықтан біз бұл жерге мұқият қарау керек. Ресей тарапынан, Қытай тарапынан айтылып жатыр қазақтар өздерін өздері басқара алмайды деген. Оларға тек сырттан келген адамдар немесе басқа мемлекетке қосылған дұрыс, ел болмайды деген ұғым бар. Біз қазір қазақтың нағыз азаматтары осыны біз ел бола алатынымызды, Тәуелсіздігімізді сақтай алатынымызды, өзіміз мықты бола алатынымызды дәлелдеуіміз керек - деді Нұржан Әлтаев.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар