04.08.2021, 08:49

Үш балуанның бірде-біреуі ешкімді жеңбеген соң, бас бапкер кешірім сұрады

Фото: ашық дереккөз
Демеу Жадыраевтың жеңіске жетуіне 30 секунд қалған. Оған басыңды берме деп айттық. Жапон балуаны қателікті тиімді пайдаланды. Өте өзекті өртейтін жеңіс.

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов балуандардың бірде-біреуі жүлдеге ілікпегеніне байланысты халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды ЭК.

"Демеу Жадыраевтың жеңіске жетуіне 30 секунд қалған. Оған басыңды берме деп айттық. Жапон балуаны қателікті тиімді пайдаланды. Өте өзекті өртейтін жеңіс. Ал Нұрсұлтан Тұрсыновтың спорттық карьерасында біраз жыл үзіліс болды. Допингке байланысы төрт жыл жарысқа шықпады. Сондықтан оған жарыс кезінде тәжірибе жетіспеді. Әйтпесе, барын салды, жақсы күресті. Оның үстіне төрешінің қателігі де бар. Осындай төмен нәтиже көрсеткеніміз үшін барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Ыңғайсыз жағдай. Бәрі осылай біткені өкінішті. Бірақ бұл — спорт. Бәлкім, маған жігіттерді толыққанды дайындап апаруға уақыт жетпеген болар", — дейді Бақтияр Байсейітов.

Грек-рим күресінен Токио олимпиадасына үш балуан қатысқан. Бірақ үшеуі де алғашқы белдесулерінде қарсыластарына есе жіберді. Мейрамбек Айнағұлов (60 келі) қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке шамасы жетпеді. Ал Демеу Жадыраев (77 келі) жапониялық Ябико Шохеидан жеңілді. Сонымен қатар Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) бүгін алғашқы кездесуінде Германиядан келген 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Кудланың мықтылығын мойындады.