COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.
Айта кетейік, Түркістан облысында өткен тәулікте 110 адамнан коронавирус анықталған.