$ 446.49  475.38  4.79

«7:0 есебімен жеңді»: Нұрислам Санаев Олимпиаданың жартылай финалында

Жартылай финалдық белдесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады.
фото: olympic.kz
фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан (еркін күрес) Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты деп жазды azattyq-ruhy.kz.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрислам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды.

57 келіге дейінгі салмақта Санаев 1/8 финалда Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафемен белдескен. Қазақстандық балуан 7:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалдық белдесулер Нұр-Сұлтан уақытымен бүгін сағат 15:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары