Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен коронавирустық пневмониядан 149 адам көз жұмды.
Бұл - елде пандемия басталғалы бері тіркеліп отырған рекордтық көрсеткіш. Мұндай мәліметтерді еліміздің
Денсаулық сақтау министрлігі ресми Telegram-каналында жария етті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2 тамызда республикада 471 адамнан коронавирустық пневмония анықталып, 25 адам көз жұмған.
Сонымен қатар, 2 тамызда 124 науқас коронавирустан қайтыс болған. Нәтижесінде коронавирус пен коронавирустық пневмониядан барлығы 149 адам көз жұмып отыр. Бұл - Қазақстанда пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бұған дейінгі антирекорд 1 тамызда тіркелген болатын, ол кезде дерттен 126 адам қайтыс болған еді.