Жаңалықтар 04.08.2021 сағат 12:40

Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленді

Төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы америкалықтан жеңіліп қалды.
Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленді
Фото: olympic.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты. Төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы америкалықтан жеңіліп қалды. 

Бұған дейін Қоңқабаев ширек финалда ресейлік Иван Верясовтен басым болған еді. Ал 1/8 финалда мысырлық Есри Мұстафа Резкті сенімді жеңген болатын. 

28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар