$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің 19 миллионыншы тұрғынына 1 миллион теңге тарту етілді

Қыз отбасындағы төртінші бала.

Қазақстанның 19 миллион тұрғыны атанған сәби Жания Азаматқызының отбасына бір миллион теңге көлемінде сертификат берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны 20 маусымда Алматы қаласының перинаталдық орталығында дүниеге келген. Бүлдіршін түнгі сағат 2.00-де Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаев ауылында тұратын 1982 жылы туған азамат Нұрғалиев пен 1986 жылы туған Назгүл Көбентаеваның отбасында дүниеге келген. Қыз отбасындағы төртінші бала.

Жанияның ата-анасына Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан отбасына 1 000 000 теңге көлемінде алғыс хат пен сертификат, сондай-ақ басқа да сыйлықтар табыс етілді. Сыйлықты Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев пен Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев табыстады. 

"Жанияның ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығында дүниеге келуінің символдық мәні бар. Сәбидің дүниеге келуі бір отбасына ғана емес, барлық қазақстандықтарға қуаныш әкелді. Бұл бала отбасындағы төртінші қыз. Жақын арада олардың мұрагері болады деп үміттенеміз", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев

Әкесі Азамат Нұрғалиевтің айтуынша, бұл оқиға бүкіл отбасы үшін күтпеген жағдай болыпты.

"Жәния біз үшін көптен күткен бала, біз оны шамамен 5-6 жыл күттік. Біздің қызымыз туғаннан бастап бүкіл Қазақстанға танымал болды, болашақта ол біздің елімізде танымал болады деп үміттенемін. Расын айтсақ, бастапқыда сенбедік, қателескен деп ойладық. Учаскелік дәрігер бізге қоңырау шалып, бізді әкімдіктен іздеп жатқанын айтқан кезде ғана сендік. Біздің қызымыз бақытты сәби боп дүниеге келді. Біз оған лайықты тәрбие беруге тырысамыз", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары