Жаңалықтар 05.08.2021 сағат 02:14

Қазақстан Олимпиада трансляциясын қаншаға сатып алды?

Ақпарат министрлігінің мәліметінше, трансляция құқығын сататындар Олимпиадаға бір күн қалғанда ғана бағасын төмендетуге келіскен.
Қазақстан Олимпиада трансляциясын қаншаға сатып алды?
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токио Олимпиадасының трансляциясын ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биыл 2021 жылы ақпанда "Қазақстан" РТРК" АҚ пен "Хабар" агенттігі" АҚ Silver spring media және Dentsu Inc компанияларымен Токио Олимпиадасы мен Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада трансляциясы бойынша келіссөз жүргізген. 

Ақпарат министрлігінің мәліметінше, трансляция құқығын сататындар Олимпиадаға бір күн қалғанда ғана бағасын төмендетуге келіскен.  

"2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы (Жапония) XXXII жазғы Олимпиада ойындары трансляциясының лицензиялық құқығын 6,250 миллион АҚШ долларына сатып алу бойынша келісімге келді", - деді министрлік өкілдері. 

Еске салайық, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталған, 8 тамызда аяқталады. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар