Токио Олимпиадасында каратэшілер жарысы басталды. 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын Дархан Асәділов қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
А тобында Асәділов төрт спортшымен күш сынасады. Алғашқы қарсыласы түркиялық Эрай Самдан болды. Қазақстандық каратэші 6:2 есебімен жеңді.
Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы АЗия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар.
Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.