$ 498.34  519.72  4.85

Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай екінші кездесуінде жеңілді

Мөлдір қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберіп қойды.
ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші кездесуінде Мөлдір аустриялық Беттина Планкпен кездесті. Екеуі де жекпе-жекті белсенді бастады. Алғашқы ұпайды қазақстандық спортшы алды. Қарсыласы таразы басын теңестіргенімен, Мөлдір қайтадан ұпай санымен алға шықты. Десе де соңғы сәтте аустриялық үш ұпай алып кетті.

Осылайша Мөлдір қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберіп қойды.

Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түседі. Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, аустриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед. Мөлдір алғашқы жекпе-жегінде мысырлық Радван Сайедті жеңсе, Беттина Планк жапониялық Михо Мияхараға есе жіберді.

Беттина Планк 1992 жылдың 24 ақпанында дүниеге келген. Бүгінге дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола жүлде алса, Еуропа чемпионатында жеті мәрте жүлдегер атанған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары