$ 494.87  520.65  4.91

«Қойдың құмалағымен шомылдырған»: министрлік желідегі емшінің әрекетіне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

Емші балаларды көкжөтелден көгершіннің жылы қанымен емдеуді ұсынған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желі қолданушылары баланы "емдеу" үшін жануарлар қиын қолданған "емшінің" әрекеттеріне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook-те жарияланған сурет сипаттамасында "Әйел баланы қойдың қиымен шомылдырған" деп жазылған. Автордың айтуынша, бұл әдісті желіде 180 мың оқырманы бар әйел қолданған.

Сондай-ақ, жазба авторы емшілер әлеуметтік желілердегі парақшасында балаларды көкжөтелден көгершіннің жылы қанымен емдеуді ұсынады деп шағымданды.

Балалар құқығын қорғау комитеті ІІМ-ге суретке байланысты тексеріс жүргізу үшін жүгінгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, емшілердің әдісі балалардың физикалық және психикалық денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.

"Өкінішке қарай, ата-ананың сенгіштігі ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасау ата-ананың міндеті. Ата-ана (заңды өкілдер) өз баласының өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша жауапты  болатынын білуі тиіс.

Сондай-ақ, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін", - деді комитет өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео #желі