Қазақстандық каратэші Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Қазақстандық каратэші Олимпиада ойындарының жартылай финалында франциялық Стивен Де Костамен кездесіп, 2:5 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша отандасымыз Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл Қазақстан құрамасының Токио төрінде алған жетінші қола жүлдесі.
Бұған дейін ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чинчанло, дзюдошы Елдос Сметов, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов алған еді. Ал Дархан Асаділов жартылай финалға жетіп, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді.