Жаңалықтар 05.08.2021 сағат 18:20

Атырауда 15-қабаттан лифт құлап, 1 адам қаза болған

Оқиға салдарынан тағы бір адам ауыр жарақат алды.
Атырауда 15-қабаттан лифт  құлап, 1 адам қаза болған
фото: azh.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атырау облысы полиция департаменті істі ҚР Қылмыстық кодексінің 280-бабы («Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау») бойынша тергеп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, 4 тамызда Residence Ardager ТК (Атырау сауда орталығы жанында) 15-ші қабаттан лифт құлады, салдарынан «Lift Invest» ЖШС-ның 39 жастағы жұмысшысы қаза тапты.

Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған екінші жұмысшы облыстық ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оған ота жасалды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар