Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының қола медалі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Қайсанов қола жүлдені өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновпен сарапқа салған. Бұл кездесуде қазақстандық балуан қарсыласынан 2:12 есебімен жеңілді.
Данияр Қайсанов бұған дейін жартылай финалда ресейлік Заурбек Сидаковқа 0:11 есебімен жол берген еді. Ал ширек финалда мысырлық Амр Реда Хуссенмен белдесіп, 8:5 есебімен жеңіске жеткен. 1/8 финалда Жапония чемпионы Кейсуке Отогуроны жеңген болатын.
28 жастағы Данияр Қайсанов 2019 жылы Азия чемпионы атанып, сол жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Былтыр да құрлықтық жарыста топ жарған.