$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда полицияның шендісі парамен ұсталды

Ол жүргізуші куәлігін заңсыз сатты деген күдікке ілінді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қостанай облысында полиция департаментінің бөлім бастығы жүргізуші куәлігін заңсыз сатты деген күдікке ілінді, деп мәлімдеді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ерекше маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров, - деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алдында қолға алынған сотқа дейінгі тергеуге байланысты облыстық полиция департаментіне қарасты бөлімнің бастығын ұстады, - деді Биғайдаров.
Оның айтуынша, полиция қызметкері "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚтағы сенімді адамымен бірлесе отырып, жүргізуші куәлігі мен олардың телнұсқаларын беруде мемлекеттік қызметті тұтынушылардан бірнеше рет пара алған деген күдікке ілінді.

Ол жүргізуші куәлігі жол қозғалысы ережелері бойынша ​​теориялық емтихан тапсырмаған адамдарға, сондай -ақ бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған адамдарға сатылғанын баса айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары