07.08.2021, 10:56

Еврейлердің фотосессия ұйымдастыруы: Бекшин Rixos қонақүйіне неліктен айыппұл салынбағанын түсіндірді

Фото: ашық дереккөз
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин орталық синагога өкілдері жаппай іс-шара өткізген Rixos қонақүйіне неліктен айыппұл салынбағанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шараны ұйымдастырушыларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Rixos-қа келер болсақ, біздің қызметкерлердің нысанға баратын мүмкіндігі жоқ. Мониторинг тобына тапсырма берілді, олардан айыппұл салу үшін тиісті құжат түспеді. Мониторинг тобынан құжат күтіп отырмыз", – деп жауап берді Бекшин.

Бұған дейін Алматыда еврей қауымы карантин кезінде Rixos Almaty қонақүйінің алдында топ болып фотосессия ұйымдастырды.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова сол жағдайға байланысты тексеріс жүргізілгенін, шараны ұйымдастырушыларға 30 АЕК, яғни 87 510 теңге айыппұл салынғанын айтты.

Алайда қонақүй басшылығына қатысты ешқандай шара қолданылмаған.