Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
61 келіден жоғары салмақта сынға түскен Берульцова финал жолдамасын мысырлық Ферьял Абделазизбен сарапқа салды. Қазақстандық каратэші бұл жекпе-жекте 4:5 есебімен жеңіліп қалды.
Бұған дейін Софья Берульцева топтық кезеңнен шыққаны хабарланған еді.
Осылайша, Қазақстан қоржынына сегізінші қола медаль түсті.