Синоптиктер 8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Солтүстік-батыс циклон республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай бақыланады, солтүстік және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Батыс және оңтүстік-батыс өңірлерге антициклон жотасы ауысады, онымен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, жел жылдамдығы 15-20 м/с, Қарағанды облысында екпіні 25 м/с күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай, бұршақ болуы мүмкін, кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл соғады.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты ыстық болуы ықтимал.
Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аса қатты ыстық сақталады.
«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.