$ 494.87  520.65  4.91

Лагерьге демалуға бара жатқан 56 бала пойызда уланып, ауруханаға түсті

Оқыс оқиға негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ресейдің Краснодар аймағында «Мурманск-Адлер» пойызында уланып, ауруханаға түскен бала саны 56-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Апшерон, Туапсе және Белореченск аудандарында орналасқан үш ауруханаға 56 бала жеткізілді. Барлық баланың жағдайы жеңіл және орташа. Бүкіл пациенттерге тиісті медициналық көмек көрсетілді. Әлі ешқайсысы ауруханадан шығарылған жоқ» деп мәлім етті агенттікке сұхбат берген ақпарат көзі.

Оның айтуынша, өңір дәрігерлері оқиға бойынша шұғыл әрі кәсіби әрекет етті, соның арқасында жағдай ушыққан жоқ.

Солтүстік Кавказ темір жолының сайтында айтылғандай, Мурманск-Адлер бағытында жолға шыққан басқа балалар демалыс орнына жеткізіліп, жайғастырылған.

«Шамамен 250 бала мінген №226 пойыз кәмелетке толмаған жолаушыларды Туапсе қаласында орналасқан демалыс аймағына апарды. Оларды көліктен түсірген кезде дәрігерлер қарап, денсаулық жағдайын жан-жақты тексерді. Оның ішінде 36 бала инфекциялық ауру жұқтырды деген күдікпен Туапсе ауруханасына жөнелтілді» делінген хабарламада.

Қалған балалар «Теңіз толқыны» сауықтыру лагеріне келіп жеткен.

Мұның алдында ТАСС агенттігі 20 баланың Апшерон және Белореченск ауруханаларына жатқызылғанын хабарлаған еді.

Роспотребнадзор мамандары пойыздағы тамақ пен судан сынама алды. Пойыз соңғы стансаға жолаушысыз келді.

Оқыс оқиға негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары