$ 449.58  486.94  4.86

«Ар-намысымды қорлады», - деп белсендіні сотқа берген Сәкен Майғазиев арызын қайтып алды

Ал белсенді Аружан Дүйсебаева әншінің кешірімі қажеті жоқ екенін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Шымкент қалалық мәдениет үйінің жетекшісі, әнші Сәкен Майғазиев осыдан біраз уақыт бұрын белсенді Аружан Дүйсебаеваны айыптап, оны сотқа берген болатын.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында белсендісін кешіріп, арызын қайтып алған болатын.

"Маған жала жапқандарды да, ғайбаттап, қарғап-сілегендерді де кешірдім.

Бейнежолдауымды мұқият қарап шығып, түйсік таразысына түсіріп, санаңызға салып сараптап көріңіз. Мен сіздерді жақсы көрем", - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Ал белсенді Аружан Дүйсебаева әншінің кешірімі қажеті жоқ екенін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Сәкен Майғазиев: "Арызымды қайтарып алдым, Аружан Дүйсебаеваның кешірім сұрағаны қажет емес"- деп 15 миунттық видео арнап, маған өзінің өкпелі екендігін, жұмысқа қалай келгенін, антикордың өзіне айып тақпағанын айтып ақталыпты. Менің кешірімім қажет болмаса онда неге арыз жаздың үстімнен бір емес үш рет☝️?. Неге арызыңызды қайтарып алдыңыз? Соңына дейін бармадық па? Әлі менің сөздеріме сараптама қорытындысы шығуы керек еді ғой? Жала жабуға жата ма, жоқ па? Неге оны күтпедіңіз?
"Кешірдім" депсіз мен не "КЕШІРІМ" сұрадым ба?
Жеңілдім не кешірдім деп ақталып тағыда 595 млнға есеп бермей отырғаныше? Музарттың концертіне бөлінген қаржыны неге Антикор тексермеді? 15 минут уақытыңды маған бөлгенше есеп бермейсің ба халыққа?
Мынаған кетті, мынаған кетті деп құжатты көрсету қиын ба?
Аларын алып, жерін жеп алған соң Алланы ауызға алып күнаға батпая қойсаңдаршы.

НЕ БОЛСАДА СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ ЖЕҢІЛДІ", - деп жазды белсенді.

Естеріңізге сала кетейік, Аружан Дүйсебаева наурыз бен сәуір айларында Youtube арнасында екі видео шыққан.  Онда "Шымкентте науырз тойында бөлінді делінген 565 миллион теңгенің дауы" жөнінде айтылған.

Шағым беруші видеодағы төрт сөйлем (атап айтқанда, "мемлекет тарапынан бөлінген 565 млн теңгені жоқ қылды", "жемқорлыққа бару халыққа жасаған опасыздық", "жемқор" т.б ) Майғазиевті ауыр қылмыс жасады деп айыптап, "намысына тиеді" деп санайды. Шағым беруші соттан Дүйсебаеваны жоғарыда көрсетілген бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартып, екі видеоны өшіруді және әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрауды міндеттеуін сұраған болатын.

Осыған дейін "Шымкентте Наурыз мерекесін тойлауға бюджеттен 565 млн теңге бөлінгені" жайлы ақпарат тарап, қоғамда дау туған болатын. Шымкент қаласының әкімдігі ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін отандық басылымдардың біріне сұхбат берген қалалық мәдениет үйінің жетекшісі Сәкен Майғазиев "Наурыз шараларына ары кеткенде 180 миллион теңгенің ары жақ, бері жағындағы ақша жұмсалды. 565 миллион теңге емес" деп мәлімдеген. Ол "тексеру жұмыстары жүргізіліп, олқылық табылмады" деп айтқан болатын.

Дегенмен мемлекеттік сатып алу сайты дерегіне қарағанда, наурыз мерекесіне орай деген атауы бар келісім-шарт сомалары 180 млн теңгеден анағұрлым көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары