Жаңалықтар 08.08.2021 сағат 18:06

«Барселона» президенті Месси қай клубқа ауысатынын мәлімдеді

"Камп Ноу" стадионында болған баспасөз мәслихатында Лионель Месси көз жасын ұстай алмады.
«Барселона» президенті Месси қай клубқа ауысатынын мәлімдеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Барселона" президенті Жоан Лапорта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Пари Сен-Жермен" футбол клубының ойыншысы болатынын ресми түрде растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Алтын доптың" алты дүркін иегері аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Францияның "Пари Сен-Жермен" клубының ойыншысы болады, деп мәлімдеді Испанияның "Барселона" футбол клубының президенті Жоан Лапорта.

Бейсенбіде "Барселона" Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген болатын, ол еркін агент болды.

"Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ Месси ПСЖ-ге ауысады", - деп жазды Tuttomercatoweb Лапортаға сілтеме жасап.

"Камп Ноу" стадионында болған баспасөз мәслихатында Лионель Месси көз жасын ұстай алмады.

Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері ойнап келеді келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар