Бұған дейін жазғанымыздай қазақстандық спортшылар Токиодағы Олимпиада ойындарында сегіз қола медаль алды.
Қазақстандық жүлдегерлер мен чемпиондардың бонустары мынадай:
алтын – 250 мың доллар;
күміс – 150 мың;
қола – 75 мың.
Токио Олимпиадасы ойындарының жүлдегерлері:
дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев, каратешілер Дархан Асадилов пен Софья Берульцева. Осылайша қазақстандық спортшылар әр қола медаль үшін 75 000 доллар алады. Айта кетерлігі Бибосынов пен Қоңқабаевқа Қазақстан бокс федерациясынан 50 мың доллар көлемінде қосымша төлем қарастырылған.
Сонымен қатар теннисші Елена Рыбакина осы жылғы Олимпиадада төртінші орын үшін 30 000 доллар, ал Милад Карими (көркем гимнастика) – бесінші орын үшін 10 000 доллар алады. Осыйлайша қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасында тапқан жүлде қорының жалпы көлемі 740 мың долларды болды.