$ 448.15  483.46  4.86

Таразда тұтқын полицейлердің көзінше қашып кетті

Кейін ол ұсталды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Таразда тұтқын полицейлердің көзінше қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тұтқынның қашу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кейін видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан тұтқын әйелімен қалай құшақтасқанын көруге болады. Олардың жанында полицияның қызметтік көлігі бар, ал ішінде полиция қызметкерлері отыр. Ер адам осы сәтте жағдайды пайдаланып, қабырғадағы құбырға өрмелеп, ғимараттың төбесіне шығады да қашып кетеді. Ал, полиция қызметкерлері оны ұстауға тырысады.

Кейінірек тұтқынның  шынымен қашып кеткені мәлім болды. Алайда біраз уақыт өткен соң әлеуметтік желілерде тағы бір видео пайда болды. Онда қашып кеткен тұтқын ұсталғаны туралы жазылған.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Тengrinews.kz тілшісіне тұтқынның қашқаны туралы ақпаратты растады. Бірақ ер адам ұсталған. Толық ақпаратты ведомство кейін ұсынуға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары