Алматы облысы Райымбек ауданында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «ерекше» ескерткіші бой көтерді. Жоба құны 61 млн. теңге болған.
Мемлекет қаржысына тұрғызылған нысан ақынды қорлау дейді жазушы Қанат Әбілқайыр.
«61 миллион теңгелік – «тапал бойлы, ұзын сирақ, бұраң бел» Мұқағали (дәл осындай ескерткішті Құрақбай аға жаманды-жақсылы етіп, бір жылқыға жасап бере салушы еді, жарықтық)!» деп жазды жазушы.
Әкімдік сайындағы хабарламада: «Аудан орталығынан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ескерткішін орнату үшін 61 826,000 млн (алпыс бір миллион сегіз жүз жиырма алты мың) теңгеге сұраныс хат жолданды» делінген.
Kznews