$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда қалыңдық өз тойын тастап қашты

Жыл басынан бері Павлодарда мониторинг топтар санитарлық нормаларды бұзудың 146 фактісін анықтады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Павлодарда өткен демалыс күндері аймақта 11 заңбұзушылық болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құрамына полиция қызметкерлері кіретін мониторинг топ облыстық бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтау мақсатында тұрақты түрде тексеріс жұмыстарын жүргізіп келеді.

«Өткен демалыс күндері карантин талаптарын бұзған 11 факт тіркелді. Мәселен, 6 тамыз күні сағат 20:00-де Қайдаров көшесінде орналасқан тойханада 30 адамға арналған үйлену тойы өткізіліп жатқаны анықталды. Мониторинг топтың келгенін білген қонақтар жауапкершіліктен әрі жоғары айыппұл арқалаудан қорқып, оқиға орнынан қаша жөнелді. Ол қатарда үйленіп жатқан жас жұбайлар да болды. Алайда қашу операциясы сәтті аяқталмады. Тойға келген барлық адам полиция бөлімшесіне жеткізілді», - дейді Павлодар қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Аталған факт бойынша барлық материалдар жиналып, ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Осы бапқа сәйкес үйлену тойының әрбір қатысушысына 30 АЕК мөлшерінде, сондай-ақ мекеме иесіне 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодарда мониторинг топтар санитарлық нормаларды бұзудың 146 фактісін анықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары