10.08.2021, 06:19

Ауа райы: «Қазгидромет» 9 облыста ескерту жариялады

Фото: ашық дереккөз
10 тамызда Нұр-Сұлтанда және Көкшетауда найзағай ойнайды.
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

10 тамызда Нұр-Сұлтанда және Көкшетауда найзағай ойнайды.  Ақмола облысының кей жерінде де найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.  Павлодар облысының кей жерінде күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде кей жерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында найзағай ойнап, түнде тұман түседі, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.  Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының оңтүстігінде 10-12 тамызда күндіз 35-36 градусқа дейін аптап ыстық болады, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.  Атырау облысының кей жерінде 10 тамыз күні күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.  Атырауда күндіз 37-39 градусқа дейін аптап ыстық болады.  Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 40 градус ыстық болады. Кей жерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда күндіз 37 градус ыстық болады. Түркістан облысының кей жерінде күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қауіпі сақталады.  Қарағанды облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 10 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда 10 тамызда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.