Жаңалықтар 10.08.2021 сағат 09:40

Алматыда танктермен блокпост қойып жатқаны рас па?

Қазақстандықтар қалаларды жабу туралы қауесетті бұған дейін де таратқан.
Алматыда танктермен блокпост қойып жатқаны рас па?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазнет қолданушылары Алматы маңында әскери техникамен қорғалатын блокпостар қойылатыны туралы хабарлама таратуда. Бұған дәлел ретінде бронетранспортерлерді тасымалдау барысы түсірілген бейнеролик ұсынылуда. Бұл жағдайға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта Алматының айналасында блокпостар жоқ. Видеоға түсірілген әскери техниканың карантиндік шектеулерге ешқандай қатысы жоқ.

“Бұл 5 тамызда болған. Техниканы Алматыдағы Гвардейск қаласынан жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін әскери бөлімге тұрақты орналастыру орнына алып келді”, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері.

Қазақстандықтар қалаларды жабу туралы қауесетті бұған дейін де таратқан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар