10.08.2021, 10:20

Ақтөбеде әкесі өзінің 1 жасар баласын көлікпен қағып кетті

Фото: ашық дереккөзі
Оқиға 7 тамыз күні орын алған.

Ақтөбеде әкесі өзінің бір жасар баласын көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оқиға 7 тамыз күні орын алған. Бау-бақша ұжымындағы өз үйінің ауласында 48 жастағы Opel Astra автокөлігінің жүргізушісі артқа жүремін деп бір жастағы баласын қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала басынан ауыр жарақат алып, шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Өз кезегінде Ақтөбе облысының полиция департаменті жолдарда және аулаларда қырағы болуды өтінді.

Тегтер: адам қағу